Жамбыл облысы Бірлесу-Еңбек ауылында болған жанжалдан кейін 14 жастағы жасөспірім медикаментозды комаға түсті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұған дейін Жамбыл облысында жасөспірім құрдасымен жанжалдан кейін ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Полиция оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталып, зардап шеккен адам ауруханада жатқанын мәлімдеген еді.

Бүгін жасөспірімнің комаға түскені белгілі болды. Жетінші арнаның дерегінше, оқушылардың төбелесі өткен демалыс күндері Бірлесу-Еңбек ауылындағы жергілікті клубтың жанында болған. Он бірінші сынып оқушысы тоғызыншы сынып оқушысының кеудесіне бірнеше рет соққы жасаған, содан кейін ол құлап, есінен танып қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр. Баланың миы мен өкпесі ісінген, ол медикаментозды комада, тасымалдауға келмейтін жағдайда жатыр. Дәрігерлер 14 жастағы жасөспірімнің өмірі үшін күресіп жатыр, бірақ ешқандай болжам айтпайды.

Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауда ұстап отыр.

«Оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Алдын ала анықталғандай, бұрын таныс екі кәмелетке толмаған баланың арасында жанжал болып, оның барысында біреуі екіншісіне соққы жасаған», — деп түсіндірді департаментте.