Жапонияның Тиба префектурасында рекордтық жаңбыр салдарынан төрт адам қаза тауып, ондаған ғимарат су астында қалды, тағы бір тұрғын хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды infohub.kz.

Токиодан шығысқа қарай орналасқан Тиба префектурасына 13 тамыз кешке қатты жаңбыр жауды. Жапонияның мемлекеттік телерадиокомпаниясы NHK деректеріне сәйкес, бірнеше ауданда жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді.

Стихия салдарынан префектурада ондаған ғимарат су астында қалды, бір адам хабар-ошарсыз кетті. Итикава қаласында бірнеше көлік су басқан жолдарда тұрып қалды, ал Тибада қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты.

Хабарламада айтылғандай, префектураның орталығы Тиба қаласында 12 сағат ішінде 348 миллиметр жауын-шашын түскен, бұл бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш және тамыз айындағы орташа айлық нормадан шамамен үш есе артық.

Жұма таңертең Жапонияның метеорологиялық басқармасы жаңбыр мен көшкін қаупі туралы ескерту деңгейін максималды бесіншіден төртіншіге және әртүрлі муниципалитеттерде одан төменге түсірді.