Жетісу облысындағы республикалық маңыздағы Сарыөзек — Көктал тас жолының бөлігінде ауыр жүк көліктері автоматтандырылған өлшеу станциясын айналып өтіп жүрген, алайда жүргізушілерге арналған бұл олқылық жабылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында хабарланғандай, аталған учаскеде ауыр салмақты көліктердің автоматтандырылған өлшеу станциясын айналып өту фактілері анықталған.

«Айналып өту үшін жеке кәсіпорын өндірістік қажеттілікке салған техникалық жол пайдаланылды», — деді Бас көлік прокуратурасында.

Ведомствоның үйлестіруімен «ҚазАвтоЖол» филиалы арнайы техника тартып, айналма жолдарды физикалық тұрғыдан жапты.

Қазіргі таңда жүк көліктерінің қозғалысы автоматтандырылған стационарлық кешен арқылы жүзеге асырылуда.

Прокуратура, көлік бақылау инспекциясы және әкімшілік полиция қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Топтың жұмысы аймақаралық қағидат бойынша жүргізіледі.

Мобильді салмақ өлшеу кешендерінің санын көбейту туралы шешім қабылданды.

«„ҚазАвтоЖол“ ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Қонаев қаласына кіреберісте автоматтандырылған жүйе орнату мәселесін пысықтап жатырмыз, бұл шаралар салмақ параметрлерін бақылаудың тиімділігін бірнеше есе арттырады», — деп атап өтті Бас көлік прокуратурасында.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде көлік бақылау инспекциясы салмақ пен габаритті асырғаны үшін 22 мың жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартып, 6 млрд теңге көлемінде айыппұл салды.