Дүйсенбі таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды infohub.kz.

Қытай сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Ибинь қаласының Чаннин уезінде орналасқан. Эпицентрдің координаттары — солтүстік ендіктің 28,33 градусы және шығыс бойлықтың 104,98 градусы, ошағы 5 шақырым тереңдікте жатқан.

Жер асты дүмпулері Бейжің уақытымен 08:26-да тіркелді. Әлеуметтік желілерде жер сілкінісі кезінде бейнебақылау камералары түсірген видеолар пайда болды, онда ғимараттар мен заттардың шайқалғаны көрінеді.

Ықтимал қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.