Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Зұлымдықтың зардабын көрмеген адам зұлымдық етеді

Иранның әміршісі Нуширауанның әділдігі бүкіл әлемге тараған болатын. Бір күні алдына келген Қытай елшісі мұншалықты әділетті болуының себебін сұрайды. Нуширауан былай деп айтып береді:

«Бала кезімде әкем мені оқыту үшін бір мұғалім жалдаған. Бір күні сол ұстазымнан аты-жөні жоқ таяқ жедім. Бұл оқиғаны ешқашан ұмытпадым. Таққа отырғаннан кейін сол бала кезімдегі ұстазымды шақыртып неге себепсіз ұрғанын сұрағанымда, ұстазым:

Сарайда, әміріңде қызметшілер, бір қолың майда, бір қолың балда, молшылықта өсіп жатқан едің. Не қаласаң алдыңа әкелініп жатты. Әкеңнен кейін сенің әмірші болатыныңды білетін едім. Зұлымдықтың қандай болатынын көрсін, өмірінде бір рет болса да зұлымдықтың зардабын басынан өткерсін сонда басқаларға зұлым етерде зұлымдықтың жамандығы есіне түсер деп ойладым. Өйткені таяқ жеудің ауыртпалығын білмейтін адам басқаға қол көтеруден тайынбайды. Еш қиыншылық көрмей өскен адам мейірімнен махрұм болады, адамдарға қиыншылық беруді қалыпты нәрсе деп санайды. Кедейлік көрмеген адам сараң болады. Саған бұл сабақ болды. Қазір сен адамдарға жомарттық танытып әділетпен мәміле етудесің.»


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама