Алматыда демалыс күндері қала көшелерінің екі бөлігінде — Абылай хан даңғылы мен Брусиловский көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Маметова көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс жабылады. Шектеулер LRT құрылысы жобасын іске асыруға байланысты.

«Жөнделіп жатқан бөлікке ескерту белгілері қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», — деп ескертті алматылықтарға әкімдікте.

Сонымен қатар уақытша шектеулер Брусиловский көшесінің де бір бөлігін қамтиды, мұнда жолды орташа жөндеу жоспарланған. 10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлікте автокөлік қозғалысы толығымен жабылады.

«Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және жөндеудің технологиялық процесіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін», — деді әкімдікте.