Алматыда сот жергілікті тұрғынға үкім шығарды. Оның үйінен бірнеше грамм психотропты зат табылған. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Қылмыстық іс материалдарда В. деп белгіленген азаматқа қатысты қаралды. Ол психотропты заттың аналогын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алып, аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін айыпталды.
Тергеу анықтағандай, В. тұратын тұрғын үйде санкцияланған тінту барысында психотропты зат — меткатинонның (3-CMC) аналогы табылды. Табылған заттың жалпы салмағы 2,44 граммды құрап, бұл аса ірі мөлшерге сәйкес келеді.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, В-ның каннабиноидтарды қолданғаны анықталды. Сонымен қатар ол бұған дейін де каннабиноидтарды медициналық мақсатсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды — ол кезде оған 10 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған еді.
Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. В-ны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда амнистияға байланысты жаза үштен бірге қысқартылды — соңында ер адам тордың артында 4 жыл өткізеді.


