Ресейдің ерлер арасындағы жеке сындағы екінші ракеткасы Андрей Рублев Алматыда өтіп жатқан ATP 250 хард турнирі аясында өткен баспасөз конференциясында қаладағы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған спортшы Алматыдағы жарыста төртінші нөмірмен себілген. Рублев бұл қалаға алғаш рет келді, бұған дейін Астанадағы турнирлерде ойнаған.

«Жүз пайыз, атмосферасына байланысты турнир үйдегідей әрі ерекше болады. Жүрегім осында. Әзірге көп нәрсені көруге үлгермедім, өйткені күн сайын жаттығып, алысқа баруға тура келді. Алғашқы күндері қаланың ішінде жақын тұрғанымда мейрамханаларда болып, кешкі ас іштім. Бірақ бір жерге барып қайту — өкінішке қарай, олай болмады», — деп келтіреді теннисшінің сөзін NUR.KZ тілшісі.

«Жалпы Алматыда бірінші рет келіп отырмын, бірақ Қазақстанда бұрын болғанмын. Мұнда маған қатты ұнайды. Оның үстіне тілге байланысты жеңіл — бәрі ана тіліндегідей, бәрі тамаша», — деді Рублев NUR.KZ сұрағына жауап беріп.

Ресейлік спортшы Almaty Open-тегі өнерін екінші айналымнан бастайды. Онда ол француз Адриан Маннарино мен австралиялық Александар Вукич арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.