Астана тұрғындарына 30 қарашада су құбыры мен электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілетіні ескертілді. Шектеулер бірқатар көше мен мекенжайға қатысты болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Осылайша, Tarlan Astana станциясы ауданының тұрғындары сусыз 30 қарашада сағат 10:00-ден 2 желтоқсандағы сағат 10:00-ге дейін отырады. Тағы бір су өшіру 29 қарашада сағат 23:00-ден 30 қарашадағы сағат 06:00-ге дейін жоспарланған. Ол Жантай батыр, Исатай батыр, Ойылқара, Кейкі батыр, Қашаубаев, Шопан Ата, Мұхамет-Салық Бабажанов және Досбент жырау көшелеріне қатысты болады.

30 қарашадағы электр өшірулері бірнеше мекенжайға әсер етеді. Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жарық мына мекенжайларда болмайды: Сауран 12/2, Акмешіт 3, Сәтбаев 20, Алтыбақан 1, Керей, Жәнібек хандар 12/1, Кабанбай батыр 46, 46а, 46б, 46/1.

Тағы бірнеше мекенжайда электр жарығы түстен кейін — сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін өшеді. Тізімге мыналар енді: Сыганак 52, 52/1, 52/2, Кабанбай батыр 38/1, 38/2, 38/3, Төле би 24, Тұран 55/6, 55/7.

Сондай-ақ 30 қарашада шектеулер Павлов, Дукенулы, Жуписов және Бөгенбай батыр көшелерінде сағат 08:30-нан 12:00-ге дейін жоспарланған. Әуезов 25, 27, 29 және Бөгенбай батыр 48, 50 мекенжайларында жарық сағат 08:30-нан 16:30-ға дейін болмайды. Янушкевич, 10 мекенжайында жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі: сағат 08:30-нан 13:00-ге дейін және 13:00-ден 16:30-ға дейін.