Қазақстанның ерлер теннис құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде алты сатыға төмендеді. Әлемдік классификацияда бұрын 20-орында болған қазақстандық қазір 26-орынға жайғасты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Еске салайық, қазан айында Бублик тізесінің жарақатына байланысты маусымды мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Қазақстандық үшін соңғы турнир ATP 250 санатындағы Almaty Open болды, онда ол жартылай финалға дейін жетті.
Финалға шығу жолындағы матчта Бублик ресейлік Даниил Медведевпен кездесті. Бірінші сетті Медведев 6:3 есебімен жеңіп алды, содан кейін қазақстандық жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Сонымен қатар Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко әлемдік классификациядағы орнын жақсартты. Ол екі сатыға көтеріліп, қазір 107-орында тұр.
ATP рейтингінің үздік үштігінде де өзгерістер болды. Бірінші орынға неміс теннисшісі Александр Зверев көтеріліп, италиялық Янник Синнерді екінші орынға ығыстырды. Үшінші орында испаниялық Карлос Алькарас тұр.


