Ағылшын боксшысы Даниэль Дюбуа отандасы Фабио Уордлиді мерзімінен бұрын жеңіп, ауыр салмақтағы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық белдігін сақтап қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Олардың жекпе-жегі Лондондағы турнирдің басты бәсекесі болды. Ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 кг-нан жоғары) бұл жекпе-жек 12 раундқа есептелген, алайда әлдеқайда ерте аяқталды.

Дюбуа алғашқы секундтарда-ақ қарсыласын нокдаунға жіберіп, кейін тағы бірнеше батыл шабуыл жасады. Екінші раундта Уордли бұрышқа қысылып қалғанда, оның командасы ақ орамалды лақтырып, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқанын білдірді.

Осылайша 29 жастағы Дюбуа техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, ауыр салмақтағы WBO белдігін қорғап қалды. Бұған дейінгі кездесуде де ол Уордлиді 11-ші раундта тоқтатқан болатын. Кәсіби рингте Дюбуа барлығы 24 жеңіске жетті, оның 23-і нокаутпен, ал үш рет мерзімінен бұрын жеңіліс тапқан.

31 жастағы Уордлидің еншісінде екі жеңілістен бөлек 20 жеңіс (19-ы нокаутпен) және бір тең ойын бар.