Қазақстанда беріле бастаған жаңа үлгідегі жеке куәліктерде «Туған жері» деген бағанда елді мекен көрсетілмейді — енді тек ел атауы жазылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осы жаңалықты растап, қолданыстағы құжаттарды ешкімге ауыстырудың қажеті жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«ҚазАқпарат» хабарлауынша, қазақстандықтар жаңартылған жеке куәліктерге назар аударған: «Туған жері» бағанында енді тек ел атауы тұр. NUR.KZ тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдап, онда өзгерістердің бар екені расталды. Жаңартылған жеке куәліктер 2025 жылдың наурызында беріле бастаған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің дерегінше, туған жері бағанында елді мекенсіз тек ел атауы көрсетіледі. Ал өңір — облыс пен елді мекен туралы мәліметтер цифрлық жүйеде сақталады.

«Бұл әлі де жарамды ескі жеке куәліктерді бәрімізге ауыстыру керек дегенді білдірмейді, бұл өзгерістер жаңа куәлік берілген кезде енгізіледі», — деп атап өтті ІІМ-де.

Бұған дейін қазақстандықтарға жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) өзгертілмейтіні хабарланған. ІІМ ол бір рет қана берілетінін атап өткен.