2027 жылдың ақпанында Bloomsbury баспасы «Гарри Поттер» әлеміне арналған екі жаңа кітапты бірден шығарады. Екеуі де ең алдымен жас оқырмандарға арналған Pocket Potters сериясына енеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жаңа басылымдар сиқырлы әлемнің үш кейіпкері — профессор Минерва Макгонагалл және егіздер Фред пен Джордж Уизли туралы баяндайды.

Pocket Potters: Fred and George кітабы ағайындылардың Хогвартстағы оқиғаларына, олардың қалжыңдары мен өнертабыстарына, сондай-ақ Көлбеу аллеядағы «Түрлі сиқырлы зиянкестер» дүкенінің ашылуына арналады. Басылымды Хелен Брэди суреттеген.

Екінші кітап — Pocket Potters: McGonagall — профессор Макгонагалл туралы. Онда оның Гриффиндор факультетінің деканы ретіндегі жұмысы, мысыққа айналу қабілеті, трансфигурация сабақтары және Гарри Поттер мен Хогвартстың басқа мұғалімдерімен қарым-қатынасы сөз болады. Басылымға иллюстрацияларды Натали Смилли дайындаған.

Екі кітапта да дәйексөздер, оқиғалардың негізгі тұстары, иллюстрациялар және кейіпкерлер туралы аз танымал деректер жинақталады. Олар Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» кітаптарына негізделген. Жаңа кітаптардың бағасы — £7 (шамамен 4 150 теңге), алдын ала тапсырыста қазір жеңілдік бар.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle 2029 жылы Яс аралындағы Warner Bros. World саябағында «Гарри Поттер» әлемі бойынша үш тақырыптық аймақ ашылатынын жазған.