Оралда полиция қызметкерлері супермаркеттерден бірнеше рет ұрлық жасаған деп күдіктелген 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол сабын, шоколад пен дезодоранттарды қалтасына және курткасының астына жасырып алып кеткен, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алғашқы оқиға Орал базарының маңындағы супермаркеттердің бірінде тіркелді. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады — ол 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайтының дерегінше, ер адам тауарларды тікелей курткасының қалтасына жасырған. Алдымен дүкеннен сабындарды алып шыққан, кейін қайта оралып, Merci шоколадтарының қораптарын ұрлаған.
«Бірнеше күннен кейін ер адам базар маңындағы тағы бір супермаркетке барып, одан 8 қорап Merci шоколадын курткасының астына жасырып алып шыққан. Тағы бір-екі күннен соң күдікті келесі супермаркетке кіріп, сауда сөрелерінде ашық тұрған 10 құты дезодорантты ұрлаған», — делінген хабарламада.
Анықталған барлық факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жариялауға жатпайды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері сауда нысандарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге, бейнебақылау камераларын орнатуға, сондай-ақ тауарларды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп қосты полицияда.


