Павлодар облысының полицейлері далада адасып кеткен әйелді тауып, алғысқа бөленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігінің облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, Мамыр ауданының полицейлеріне Қостанай облысындағы гемофилиямен ауыратын мүгедектердің «Тұмар» қауымдастығының жетекшісі Лейла Балғабаева алғыс айтқан.

«Мамыр ауданының полицейлеріне зор алғысымды білдіремін. Далада адасып кеткен әйелді табуға көмектесулерін сұрап қоңырау шалдым. Жедел басқару орталығының инспекторы Бауыржан Үкібасов бірден учаскелік полиция инспекторы Қадырбек Ешмұхаметовті жіберді. Полицейлер жерді тексеріп, көп ұзамай әйелді аман-есен тапты. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды», — деді Лейла Балғабаева.

Анықталған деректерге сүйенсек, Қостанай тұрғыны әлеуметтік желілерде ер адаммен танысып, оған көшіп келген. Қыркүйек айының бір күнінде ол ер адаммен жанжалдасып, ренжіп үйден шығып кеткен. Алайда жолда бағдарын жоғалтып, үйіне өзі қайта алмаған.

Қазір әйел Қостанайда, анасына тапсырылды.