21 қараша, сенбі күні Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: бірқатар өңірде тұман, көктайғақ және жауын-шашын күтіледі, кейбір облыстарда жел күшейеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Қазгидромет» дерегінше, 21 қарашада Ақмола облысында мезгіл-мезгіл тұман мен көктайғақ болады. Астанада да мезгіл-мезгіл тұман мен көктайғақ болжанады. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында ертең тұман болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батыста және таулы аудандарда екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай және тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

21 қарашада Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде де тұман мен көктайғақ күтіледі.

21 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ болады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыс жел күшейеді: Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 17–22 метрге жетеді.

Алдағы түнде және таңертең Атырау облысының батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

21 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман мен көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді, күндіз облыстың батысында мезгіл-мезгіл секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Ертең күндіз Қостанай облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысында оңтүстік-шығыс жел күшейеді: облыстың шығысында екпіні секундына 15–20, мезгіл-мезгіл 25 метрге жетеді.

21 қарашада Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында және орталығында екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде және оңтүстігінде де түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.