Қазақстанның Көлік вице-министрі Мақсат Қалиакпаров үкімет кулуарында қараша айында елде 106 жаңа Stadler жолаушы вагонын іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Алайда іске қосудың нақты күнін атаған жоқ, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«106 вагонды осы айда іске қосамыз. Нақты күні әзірге белгісіз. Негізгі бағыттарымыз — Астана мен Алматыдан шығатын екі локация, өйткені бұл вагондардың бақылауы әзірге осы екі қалада. Бағыттар, айталық, Астана — Қостанай, Астана — Алматы, сондай-ақ Қызылорда», — деді Мақсат Қалиакпаров.

Ол сондай-ақ паркте шамамен 250 ескірген вагон бар екенін және оларды ауыстыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. «"Тальго" құрамдары жүре береді, КСРО кезіндегі ескі вагондар қатардан шығады», — деп сендірді вице-министр.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында ҚТЖ жаңа Stadler вагондарының фотосын көрсеткен болатын. Онда екі дәретхана, балаларға арналған орындықтар, балаларды таңу үстелдері, бейнебақылау жүйесі және Wi-Fi қарастырылған. 2026 жылы қазақстандықтар бұл вагондарды мына бағыттарда пайдалана алатыны хабарланған: №3/4 «Астана — Алматы»; №353/354 «Астана — Семей»; №85/86 «Астана — Шымкент»; №47/48 «Астана — Атырау».

Осы жылдың мамырында экс-көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан қазақстандықтар неге әлі күнге дейін жаңа Stadler вагондарын пайдаланбай отырғаны сұралған. Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жаңа швейцариялық пойыздардың пайдалануға қашан берілетінін айтты. Кейінірек ұлттық тасымалдаушы швейцариялық Stadler вагондарын іске қосудың кешеуілдеуіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады.