АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында 2026 жылғы Әйелдер теннис қауымдастығының қорытынды турнирінің топтық кезеңіне жеребе тартылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Додаға маусымның ең мықты сегіз жекелей ойыншысы мен сегіз жұп қатысады. Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Елена Рыбакина былтыр WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанған еді.
Биылғы жеребе бойынша қазақстандық теннисші №1 топқа түсті. Іріктеу кезеңінде оның қарсыластары — американдықтар Коко Гауфф (WTA №4) пен Джессика Пегула (№5), сондай-ақ чехиялық Линда Носкова (№8).
Екінші квартетке беларусьтік Арина Соболенко (№2), ресейлік Мирра Андреева (№3), украиналық Элина Свитолина (№6) және чехиялық Каролина Мухова (№7) енді.
Топтық кезеңде екі топтың қатысушылары әр қарсыласымен бір реттен ойнайды. Квартеттерден ең мықты екі теннисші жартылай финалға шығады.
WTA қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында өтеді. Жұптық разрядта қазақстандық Анна Данилина да бастапқыда жолдама алған, алайда оның сербиялық Александра Круничпен жұбы серіктесінің жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды.


