Алматыда 6 қазанда «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы LOTO SZ жылдам тиражды лотереясы аясында ұйымдастырған «Сәттілік дөңгелегі» акциясының бас жүлдесін табыстау рәсімі өтті. Акцияның өзі 1-30 қыркүйек аралығында жалғасты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жеңімпаз 30 қыркүйекте «Астана ТВ» телеарнасының студиясында тікелей эфирде анықталды. Жүргізушілер бас жүлдені лототрон арқылы ойнатты, сәттілік Шымкенттік Досымға қарай бұрылды. Ол жаңа Toyota Camry автокөлігінің иесі атанды.
Досым эфирді көруге үлгермей қалды, жеңісі туралы жарты сағаттан кейін ғана білді. Жаңалық дөп келді: бес күннен кейін оның туған күні еді. Ол Алматыға кілттерді алуға жалғыз емес, жұбайы Назирамен, балаларымен және досымен бірге келді.
Рәсімнің жүргізушісі Марк жеңімпазбен және оның жұбайымен әңгімелесті.
— Сізден бір-екі ауыз сөз.
— Ұйымдастырушыларға ұтыс үшін рахмет. Керемет сезім!
— Ұтыс туралы білгенде қандай сезімде болдыңыз?
— Тікелей эфирді көре алмадым, жарты сағаттан кейін білдім. Туған күніме бес күн қалды — бұл мерекеге тамаша сый. Өте бақыттымын! Рахмет!
— Сендіңіз бе?
— Әлі сенер емеспін. Кілт пен техпаспортты қолыма алғанда, сонда сенетін шығармын.
— Бұл жақын арада болады. Бүгін сізбен бірге кім келді?
— Бес адам келді: жұбайым, досым, балаларым. Көлікпен қайтамыз, Қазақстанның жерлерін аралаймыз.
Содан кейін жүргізуші жеңімпаздың жұбайына бұрылды:
— Атыңыз кім?
— Назира.
— Назира, өте жақсы, менің атым Марк. Жұбайыңыз көлік ұтып алғанын білгенде қандай сезімде болдыңыз?
— Білмеймін... Қуандық. Шын ба, жоқ па, білмедік. Енді ғана сене бастадық. Қуаныштымыз, рахмет!
Салтанатты бөліктен кейін отбасы жаңа көлігіне бет алды. Үйлеріне, Шымкентке, олар Toyota Camryмен қайтады, ал жолай Досым жақындарына Қазақстанның көрікті жерлерін көрсетуді жоспарлап отыр.
Досымның тарихы — сәттілік әркімге күлімсірей алатынының ең жақсы дәлелі. Жаңа мүмкіндік те бар: қазанда LOTO SZ бірден үш жаңа көлікті — Lexus ES 250, BMW 530 және Li L7 Pro ойнатып жатыр. Акцияның толық шарттарын LOTO SZ сайтынан білуге болады.
*PR құқығында


