Испанияда «Тенерифе» клубының шабуылшысы Хесус де Мигель Испания футбол чемпионатының екінші дивизионындағы 12-турда «Андорраға» қарсы матч барысында жүрегі тоқтап қалды. Оқиға кездесудің соңында қарсыластың қателігінен кейін болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, «Андорра» қақпашысы Хесус Овоно қақпадан шығып, орталық шеңберге қарай ұмтылып, де Мигельмен соқтығысып қалды. Ол осылайша жалғыз қақпаға шығуды тоқтатпақ болған. Төреші қақпашыға қызыл қағаз көрсетіп, кездесуді тоқтатты.

Анықталғандай, құлаған кезде де Мигель есінен танып қалған. Оны алаңнан носилкамен киім ауыстыратын бөлмеге алып шығып, одан жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді. Спортшының жүрегі мен тынысы тоқтаған. Жедел жәрдем көлігінде оның жағдайы тұрақтандырылды, алайда ол есін жимаған.

Оқиғадан кейін футбол клубы мәлімдеме жасады: де Мигельдің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағалануда. Футболшы қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Әлеуметтік желілерде соқтығысу эпизодының жазбасы да тарады. Онда Овононың Хесус де Мигельге тигізген аса қатты соққысы бәрін алаңдатқаны айтылып, футболшыға тезірек сауығып кетуі тіленген.