Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнаи қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің үшінші айналымына өте алмады. Ол екінші айналымда қарсыласына жол берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған және іріктеу кезеңі арқылы негізгі сеткаға өткен спортшы 1/8 финалда әлемнің 160-ракеткасы, жапониялық Маи Хонтамомен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Құламбаеваның жеңілісімен аяқталды. Есеп: 6:4, 4:6, 5:7. Теннисшілер кортта 3 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Жібек бірде-бір эйс жасамады, жеті қосарланған қате жіберді және жинаған 17 брейк-пойнтының сегізін пайдаланды.

Осылайша, Құламбаева ширек финалға бір қадам жетпей тоқтады. Айта кетейік, бұл нәтиже қазақстандық теннисші үшін тарихи жетістік: бұған дейін ол мансабында WTA 250 санатындағы турнирлерде жекелей сында бірінші айналымнан әрі өтпеген еді.

Жібек Үндістандағы турнирде жұптық сында өнерін жалғастырады. Ол австралиялық Габриэлла Да Силва Фикпен бірге жарыстың жартылай финалына шығу үшін күресетін болады.