Последнее обновление

(Время обновление 1 неделю назад)
1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек бағасы айтарлықтай төмендемек. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев мәлімдеді.

«1 шілдеден бастап дәрі-дәрмекке көтерме және бөлшек бағалар 30%-ға дейін төмендейді. Бұл – ұзақ әрі ауқымды процесс, 6 мыңнан астам дәрілік атауларды қамтиды», – деді вице-министр.

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бұл шара халықтың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау жүйесіндегі баға саясатын тұрақтандыруға бағытталған. Жаңа баға ережелері барлық дәріханалар мен жеткізуші ұйымдар үшін міндетті болады.

You Might Also Like

Новости

Реклама