Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
12 шілдеден бастап бетті толық жабатын киімдерге шектеу қойылады

12 шілдеден бастап бетті толық жабатын киімдерге шектеу қойылады

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынбақ. Бұған никаб, маска және жүзді бүркейтін өзге де жабындар кіреді.

Алайда, діни киімдердің кейбір түрлеріне рұқсат сақталады. Атап айтқанда, хиджаб, шейла, химар және аль-амира сияқты бетті жаппайтын бас киімдерге шектеу қойылмайды.

Жаңа талаптар мына жағдайларға қатысты болмайды:

Климаттық жағдайларға байланысты қорғану қажеттігі туындаса;

Медициналық себептермен бет жабу қажет болса;

Қызметтік міндеттерді орындау кезінде;

Құқық қорғау және төтенше жағдай салаларында жұмыс атқаратындар үшін;

Заңмен қарастырылған жағдайларда.


Бұл шектеу қоғамдық орындарда тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында енгізіліп отыр.

You Might Also Like

Новости

Реклама