Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«20 күн комада жатты»: Ақбаян мен енесі арасындағы кикілжіңнің себебі неде?

2022 жылы Ақбаян Мұқанғалиева үш баласын жетектеп, енесімен тұруға байланысты туындаған келіспеушіліктерден кейін ата-анасының үйіне кеткен болатын. Бұл жағдай кейіннен ерлі-зайыптылардың ажырасуына, бірақ кейін қайта табысуына себеп болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақбаянның анасы Нәсіп қызының Махамбет ауданында қайын жұртпен бірге тұруына қарсы болып, олардың Атырау қаласына көшіп, бөлек тұруын қалаған. Алайда, Ақбаянның жұбайы Сәрсемәлиев бұл ұсыныспен келіспей, ата-анасын тастап кетпейтінін айтқан.

Кейіннен, 2024 жылы бесінші перзентіне аяғы ауыр кезінде Ақбаянның денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлер оған пневмоторакс диагнозын қойды. Отадан кейін жас ана шамамен 20 күн бойы ес-түссіз жатты.

Новости

Реклама