Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
2026 жылғы Наурыз мейрамында қазақстандықтар қалай демалады?

2026 жылғы наурыз айында қазақстандықтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса есептегенде, барлығы 13 күн демалысқа шығады. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, Наурыз мейрамы – мемлекеттік мереке болып саналады. Заңның 5-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасында мемлекеттік мерекелер аталып өтетін күндер мереке күндері болып есептеліп, жұмыс істемейтін күндер қатарына жатады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз сенбі-жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері келесі жұмыс күндеріне ауыстырылып, 21-нен 25 наурызға дейін ұзақ демалыс болады.

Жұмыс кестесіне байланысты демалыс күндері

Бес күндік жұмыс аптасында 13 демалыс және 18 жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.

Наурыз айындағы басқа да мерекелер

Наурыз айында кәсіби және басқа да мерекелер аталып өтеді. Бұл күндері жұмыс істелсе де, тиісті сала мамандары құттықталады.

Кәсіби мерекелер тізімі Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес жарияланады.

1 наурыз

14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі)

БҰҰ күнтізбесі бойынша аталып өтетін күндер

Новости

Реклама