Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
27 жастағы қазақстандық жігіт Түркияда көз жұмды

Түркияның Анталья провинциясында жол апатынан 27 жастағы қазақстандық Кубат Аманбеков қаза тапты. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 11 мамырда таңғы сағат 03:00 шамасында Серик ауданындағы туристік жолда болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, марқұм велосипедпен келе жатып, таксимен соқтығысқан. Такси жүргізушісі велосипедшіні арт жағынан қағып, қатты соққыдан жігіт жолға ұшып түскен. Алған жарақаттары ауыр болып, ол оқиға орнында көз жұмды.

Такси жүргізушісі жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабарланғандай, Кубат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істеген. Оның мәйіті Антальяның сот-медициналық сараптамасының мәйітханасына жіберілді.

Новости

Реклама