Photo: Нурлан (https://www.pexels.com/@165511592) / Pexels
- 11 мая 2026 23:30
- 28
Тұрсынбек Қабатовтың қызы Дубайдан диплом алды: "Алла жар болсын!"
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасында үлкен қуаныш. Оның үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай қаласындағы Британ университетін сәтті аяқтап, архитектор мамандығы бойынша диплом иегері атанды. Бұл жағымды жаңалықты Мөлдір Мұқанның әпкесі, продюсер Айгүл Түлкібайқызы желідегі парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үздік бітірді
Айгүл Түлкібайқызының айтуынша, Әдемі Тұрсынбекқызы 5 жыл бойы білім алған университетін үздік бағамен тәмәмдаған. Ол еңбекқор, білімді, саналы жас маман ретінде халықаралық деңгейдегі маман болып шықты.
«Сүйінші! Британ Университетінде Дубай қаласында архитектор мамандығына 5 жыл оқып, бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы, оқымысты қызымыз халықаралық үлгідегі мықты маман болып жатыр», - деп жазды Айгүл Түлкібайқызы.
Шетелде оқудың қиындығы
Продюсер шетелде білім алудың жауапкершілігі мен қиындықтарына да тоқталды. Оның айтуынша, студенттерге жүйе басқаша, емтихан мен сессияға дайындық кезінде ұйқысыз түндер өтеді. Дипломдық жұмыс жазу кезінде студенттер өз әлеміне беріліп, айналасын ұмытып кететін жағдайлар да болады екен.
«Сырт елде, шетелде оқу өте жауапты, кейде қауіпті. Жүйе басқаша, емтиханды, сессияны тапсыруына да ұйқысыз түндер өткізіп дайындалып жүретін. Дипломдық жұмысын да жазып жатқанда, бөлек әлем болып кетеді өзі, тек білімге кірісіп, біздерді танымай қалады, өте жауапкершілікпен қарайды», - деп бөлісті ол.
Айгүл Түлкібайқызы Әдеміге сәттілік тілеп, «Алла жар болсын өзіңе» деп тілегін білдірді.
-
Көкшетауда автотұрақтан шығып бара жатқан көліктің астында қалған 52 жастағы әйел қайтыс болды. Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.