
- 04 июн. 2025 10:01
- 61
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні: Тәуелсіздіктің тұмарлары ұлықталатын күн
Бүгін, 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл дата — елдің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметтің, тәуелсіздік пен елдіктің символдарына тағзым етудің белгісі.
Мемлекеттік рәміздер — Қазақстанның егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің айқын көрінісі. Олар ел тарихы, мәдениеті мен болашағына деген құрметті білдіретін маңызды нышандар саналады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы, ел тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қабылданды. Бұл – кеңестік дәуірден кейінгі жаңа ұлттық болмыс пен мемлекеттілікті айқындайтын кезең еді. Рәміздер жасау үшін бүкілхалықтық конкурс ұйымдастырылып, соның нәтижесінде қазіргі мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.
Бұл күн – жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіру арқылы елдік сананы нығайтуға бағытталған.