Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 11 мар. 2026 04:30
- 24
«501 ақ роза»: Мөлдір Мұқан балаларының тосын сыйлығына ерекше қуанды
Белгілі әнші Мөлдір Мұқанның балалары аналарына ерекше тосын сый жасады. Туған күні қарсаңында олар аналарына 501 ақ розадан тұратын алып гүл шоғырын сыйлап, көңілін көтеріп тастады. Бұл сыйлық әншіні қатты таңғалдырып, қуанышын жасыра алмады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анаға деген шексіз махаббат
Мөлдір Мұқанның қыздары аналарын ерекше жылы лебіздермен құттықтап, оның мейірімділігі мен даналығын ерекше атап өтті. Олар аналарына деген шексіз махаббаттары мен ризашылықтарын білдіріп, «Сіз жақсы көретін ақ роза, 501 дана! Ең қымбаттым, әлемдегі аяулым, ең сұлуым, жаны мөп-мөлдір АНАШЫМНЫҢ қуанғаны, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз… Жүзіңіздегі күлкіңіз біз үшін – КҮН. Мейрамыңызбен, МАМА!» деп жазды.
Желідегі жылы лебіздер
Бұл жазба әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін көпшіліктің жүрегін жылытып, оң әсер қалдырды. Көптеген оқырмандар ана мен бала арасындағы махаббатқа тәнті болып, Мөлдір Мұқан мен оның балаларын құттықтады.