Последнее обновление

(Время обновление 1 неделю назад)
9 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: дауыл туралы ескерту

9 ақпанда Қазақстанда ауа райы құбылады

Еліміздің бірқатар облыстарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Осыған байланысты Қазгидромет дауыл туралы ескерту жариялады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақтардағы ауа райы

Абай облысында оңтүстік-шығыс жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 23-28 метрге дейін, кей уақыттарда 30 метр және одан да көп болады. Синоптиктер 10-11 ақпанда да қатты жел соғады деп болжап отыр. Сондай-ақ 9 ақпанда күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жаууы, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында боран соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Семейде синоптиктердің болжамы бойынша, оңтүстік-шығыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғады; облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда күндіз негізінен қар жауып, көктайғақ болады.

Алматы облысында синоптиктер оңтүстік-шығыс жел соғады деп болжайды. Желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және Қонаевта секундына 17-22 метрге дейін, кей уақыттарда 30 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр мен қар аралас жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. Түнде облыстың орталығында боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, орталығында түнде екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ақтөбеде көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар аралас жауып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран соғады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырауда тұман және көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде оңтүстік-шығыс жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, екпіні 23-28 метрге дейін, кей уақыттарда 30 метр және одан да көп болады. Синоптиктер 10-11 ақпанда да қатты жел соғады деп болжап отыр. 9 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында боран соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде синоптиктер оңтүстік-шығыс жел соғады деп болжайды, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысқа ауысады; облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 метр және одан да көп болады. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысқа ауысады; таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін, кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. 9-11 ақпанда облыста солтүстік-шығыс жел соғады; облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстік-батысқа ауысады; облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оралда қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, күндіз боран соғады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысқа ауысады; облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысқа ауысады; түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылордада кей уақыттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және Ақтауда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында күндіз қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады; облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады; күндіз қар жауып, боран соғады және көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады; облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавлда күндіз қар жауып, боран соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде таулы аудандарында көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Синоптиктер оңтүстік-шығыс жел соғады деп болжайды; облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді, күндіз таулы асуларда 30 метр және одан да көп болады. 10-11 ақпанда да қатты жел соғады. Түркістанда түнде және таңертең 9 ақпанда тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ұлытау облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Осындай ауа райы күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде болады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады; облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең желдің жылдамдығы 23-28 метрге дейін жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауып, боран соғады және көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматыда түнде тұман түсуі мүмкін.

Астанада күндіз жаңбыр мен қар аралас жауып, боран соғады, көктайғақ болады.

Айта кетейік, бүгін ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Новости

Реклама