Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 20 февр. 2026 06:30
- 21
Абай Бегейдің қызы орамалмен билегені үшін сынға ұшырады
Әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Сымбат Абайқызы желіде тренд биді түсірген видеосы үшін қатты сынның астында қалды. Ол орамал тағып билеген әрекетімен көпшіліктің назарын аударып, түрлі пікірлерге ие болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сымбат Абайқызы бейнежазбаның астына «Мот аға, қазір биіңіз тренд болып жатыр екен, мен қаламын ба деп түсірдім, бағасын беріп кетіңіз», деп жазған. Алайда, желі қолданушыларының басым көпшілігі оның бұл әрекетін құптамады.
Желідегі пікірлер
Әлеуметтік желідегілер орамал таққан қыздың билеуін сынға алып, «Орамал орап секеңдегені жараспапты», «Орамалды қор қылды-ау», «Көп ұзамай бұл да орамалын шешеді деген белгі», «Орамалмен осындай өлеңге билеген қалай кетеді жалпы», деп жазды. Бірақ, жас қызды қолдап, оның әрекетін түсіністікпен қарайтындарын білдірген оқырмандар да табылды.