Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Әйелім емес, тоқалым": Танымал әзілкеш Қажет Смағұл жеке өміріндегі жаңалықпен бөлісті

Танымал қазақстандық әзілкеш Қажет Смағұл жеке өміріндегі жаңалықпен бөлісіп, елді елең еткізді. Ол өзінен 25 жас кіші әйелмен шаңырақ көтергенін меңзеп, әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің қызу талқысына айналды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші жанмен отау құрғанын ишаралап, жазба қалдырған болатын. Алайда, ол кезде толық ақпарат бермей, жағдайды жұмбақ күйінде қалдырған еді. "Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші…. Жүрегім тыныш… Көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын…", - деп жазған әзілкеш.

Желідегі даулы пікірлер

Бұл жазба желіде қызу талқыланып, оқырмандар екіге айырылды. Бірі әзілкешті құттықтап жатса, енді бірі жас айырмашылығына байланысты сын пікірлер айтты. Кейбір қолданушылар оның итальяндықтар сияқты бай еместігін алға тартты.

Осыдан кейін Қажет Смағұл өзіне айтылған пікірлерге жауап беріп, жағдайды түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, көпшілік жазбаны әртүрлі қабылдаған. "25 жас кіші деп пост салып едім, Қазақстан екіге бөлінді. Жерден алып жерге салып жатқандар да, құттықтап жатқандар да бар. Итальяндық сияқты бай емессің ғой дейтіндер бар. Әйелімнің фотосын саламын ба деп ойлаған едім. Бірақ мынадай негативке ұрынып, көңілі түсіп қала ма деген ой бар", - деді ол.

Қажет Смағұл кім?

Қажет Смағұл – қазақстандық актер, әзілкеш әрі көпшілікке экран мен сахна арқылы танылған өнер иесі. Ол көрерменге комедиялық рөлдерімен, жеңіл юморымен және қазақы қалжыңды жеткізу мәнерімен таныс. Әсіресе, "Бизнес по-казахски" фильміндегі рөлімен көпшіліктің ықыласына бөленді. Өнер жолында әзіл мен актерлікті қатар алып жүріп, халыққа жақындығымен ерекшеленеді.

Әзілкеш әлеуметтік желіде де белсенді. Оның жеке өміріне қатысты жазбалары жиі талқыланып жатады. Жақында ғана өзінен 25 жас кіші әйелге үйленгенін меңзеп, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Дегенмен, ол жарының суретін жариялауға асықпайтынын, себебі желідегі жағымсыз пікірлердің жақын адамының көңіліне әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Новости

Реклама