Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
«Әйелім мен баламның қадірін білмедім»: Белгілі әнші өмірдегі өкінішін айтты

Танымал әнші Сәкен Қалымов өмірдегі ең үлкен өкініші туралы ашық айтып, жан сырын төкті. Ол «Мың бір түн» бағдарламасына берген сұхбатында отбасының қадірін дер кезінде білмегеніне қынжылысын білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отбасының қадірін білмегеніме өкінемін

Әншінің айтуынша, жастық шақтағы шалқыған өмір, ішімдік пен серілік салдарынан жары мен баласының бағасын түсінбеген.

«Құдайдың қосқан жарының, отбасының қадірін білмедік. Сондай өкініштерім бар. Ал өнерге деген өкініш жоқ. Жарымның, баламның қадірін білмей, ажырасқаныма өкінемін», – деді ол.

Қалымов өзінің қателіктерін мойындап, оны мойындауды ерлікке балап отыр. Ол өзінің кінәлі екенін айтып, заманға немесе жарына сылтау іздемеді.

Ұлымен арадағы қарым-қатынас

Әнші ұлымен арадағы байланыстың үзілгенін де жасырмады. Дегенмен, ол ұлының өкпесін түсінетінін және оған ренжімейтінін айтты.

«Әзірге ортамызда мүлдем байланыс жоқ. Түсінемін, өкпелемеймін, ол кісілердікі дұрыс. Дұғадамын, бір жолықсақ кешірім сұрап, сый-сыяпат жасап, көңілдерін тапсам деп жүрмін. Ол күн де алыс емес», – деді әнші.

Сәкен Қалымовтың бірінші әйелінен ұлы, екінші әйелінен қызы бар. Қазіргі уақытта қызымен араласып тұрады.

Новости

Реклама