Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 18 мая 2026 17:31
- 20
"Әйеліммен ажырасып кеттік": Әли Оқапов өміріндегі қиын сәтті еске алды
Танымал әнші Әли Оқапов "Taboo" бағдарламасында өмірінің ең қиын сәттерін еске алды. Ол әйелімен ажырасып, аралары суып кеткен кезді бастан кешкенін айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыр кезең
Әли Оқаповтың айтуынша, әйелі екеуі ажырасқан кезде өмірінің мәні кеткендей болған. Ол бұл жағдайды анасының байқағанын айтты.
"Ғашық болғанымды ұрысып қалған кезімде түсіндім. Мүлдем араласпай кеттік. Қазірдің өзінде балам мен әйелім Атырауда. Олар кеткенде менің өмірімнің бояуы кетіп қалғандай болды. Дым қызықсыз. Үйде тып-тыныш. Тура солай сол кезде де болған. Екеуміз араласпай кеткен кезде менің өмірім сондай болып кетті. Соны байқаған анам "Бәрі дұрыс па сендерде?" деп сұрады. Мен ашығын айттым. Жоқ, біз қазір араласпаймыз, ажырап кеттік дедім."
Анасының ақыл-кеңесінен кейін Әли Оқапов әйеліне барып, кешірім сұрап, татуласқан. Сол кезден бастап өмірі қайта түстерге енгенін айтты.
-
Атырау облысындағы Жангелді ауылында болған отбасылық трагедияға қатысты сот процесі басталды. Сот отырысы кезінде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің айыптау актісін тыңдағандағы реакциясы жұртшылықтың назарын аударды.