Photo: Aleksandar Andreev (https://www.pexels.com/@andreevaleksandar) / Pexels
- 20 мая 2026 06:00
- 15
«Айтатын сөзім де жоқ»: Сәрсемәлиевтің әкесі ұлымен кездесуі жайлы айтты
Атырауда болған қайғылы оқиғаға байланысты айып тағылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев ұлымен кездесуі жайлы журналистерге пікір білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қысқа кездесу
Әкесінің айтуынша, ұлымен өте қысқа уақытқа ғана кездесуге мүмкіндік берілген. Кездесу небәрі бес минутқа созылып, жан-жақты сөйлесуге жағдай болмаған.
«Көріп шықтық. Кездесу ұйымдастырды. Бар болғаны 5 минуттай ғана уақыт берілді. Не айтып, не қойғанымыз да есімде жоқ. Сөйлей алмай қалдым. Қазір нақты ештеңе белгісіз. Сот әлі болған жоқ», - деді Самиғолла Сәрсемәлиев.