- 05 мар. 2024 04:43
- 421
Әке
Эссе Әке
Әке - деген үш әріптен құралған сөздің бізге берер мағынасы өте зор. Әке - әлемдегі керемет есім. Әке - отбасының тірегі, қамқоршысы, асыраушысы, қолдаушысы әрі қорғаушысы. Біздің шаңырақта әкенің орны ерекше орын алады. Сол себепті әкеге құрмет көрсету перзенттік борышым деп санаймын. Әке отбасының алдында адалдықтың, шындықтың үлгісі. Баласы үшін аянбай еңбек етіп маңдай терімен тапқан адал еңбегімен асырап бағып қағып отырған әкеме құрметім ерекше.
Әке - асқар тауым. Отбасының керемет өмір сүруі, балаларының тәртіпті болып өсуі бәрі әкеге байланысты. Себебі, әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деген қазақтың нақыл сөзі дәлел бола алады. Бала бойындағы жақсы жаман қасиетті осы әкеден алады. Әкеміздің бойымызға сіңірген тәрбиесі бізге үлкен мұра. Әкемнің жүзі күліп тұрғанымен қас қабағымен бәрін ұғындыра білуі мен үшін үлкен тәрбие. Асқар тау тірегім әкем барда мен ештеңеден жасқанбаймын. Бұл сөзіме Бұқар жыраудың "Әкелі бала - жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өтер жебесі " деген сөзі дәлел деп білемін. Әрине барлық әкелер бірдей дей алмаймын. Қазірде жүзі кеткен пышақ секілді болып бара жатырған әкелерде бар. Үйдегі әйеліне сөзін өткізе алмайтын, әкенің жігерсіздігінен балалары жасқаншақ, қорқақ, қоғамға пайдасы жоқ болып өсіп келеді.
Қорыта айтқанда үлкен құрметке ие әкемізді бар кезінде қадірлеп, сыйлауымыз керек. Әкеміздің арқасында осындай бақытты өмір сүріп жүргеніміз үшін қуануымыз қажет. Егер ата-анамыз болмағанда біздің күніміз не болар еді десеңші. Біз үшін аянбай еңбек етіп, ыстық демей, суық демей қарынымызды тойдыратын да, киімімізді бүтіндейтін де осы әкелер. Әкелерімізді құрметтеп, қартайғанда жалғыз қалдырмай қамқор болсақ екен деймін.
Жазған: Бұзау Гүлден Шаттыққызы