Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Әке (эссе)
Эссе
Әке
Әке туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әке осы өмірдегі асық адамдардың бірі. Әке - Асқар тау ол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасыны асырап, бізге тәлім тәрбие беруге тырысады. Әкеден алған тәрбие әрқашан салиқалы. «Әкеге бағыну Аллаға бағыну»- деп Мұхаммет пайғамбар бекер айтып кетпеген. Ал әкеге қарсы болу – Аллаға қарсы болуымызбен бірдей.
Әке – нұрға бөлінген мейірім де, мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың. Әкенің мінез - құлқы адамдармен қарым - қатынасы, өнері мен білімі - баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін басты нысанасы.
Отбасының берекесі ынтымағы үшін әкенің тәрбиелік рөлі зор. Әке, қаласа да қаламаса да ұлы үшін, қызы үшін нағыз ер жігіт, адалдық пен шындық өнегесінің үлгісі болып табылады.
Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Мен әкемнің бойынан - күш жігерін, батырлығын, қайсарлығын көремін. Әкем өте жақсы адам әкем менің бетімнен қақпай осылай тәрбиелеп өсірді.
Әкеміз біз жақсы өмір сүрсін деп әлі күнге дейін аянбай еңбек етіп келеді...
Қорытындылай келсек: Осындай өлең шумақтарын жазып кеткім келіп тұр

Әке жайлы айтайын
Әкең тірі түсінбейсің әліде
Әкең барда көз салмайсың әріге
Әкең өлсе түс көргендей боларсың
Түсіне алсаң түсінерсің бәріне.

You Might Also Like

Новости

Реклама