Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Алаяқтар шегінер емес: Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды жалған хабарламалардан сақтандырды

Алаяқтар шегінер емес: Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды жалған хабарламалардан сақтандырды,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Соңғы уақытта мессенджерлер арқылы Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) атынан таралған жалған хабарламалар саны күрт артты. Бұл туралы комитеттің ресми Telegram арнасында хабарланды.

Хабарламада алаяқтар WhatsApp және Telegram желілері арқылы ведомство басшылығының атынан түрлі мазмұндағы хабарламалар таратып жатқаны айтылған. Онда азаматтарды жеке деректерін беру немесе белгісіз шоттарға ақша аудару секілді әрекеттер жасауға шақыратын фейк ақпараттар кездеседі.

«Құрметті азаматтар, интернет-алаяқтардың арбауына түспеу үшін аса мұқият болуларыңызды сұраймыз. Мұндай хабарламаларға сенбеңіздер, сілтемелерге өтпеңіздер және ақша аудармаңыздар», – делінген МКК хабарламасында.

Комитет азаматтарға төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді:

  • күмәнді хабарламаларға сенбеу;
  • бейтаныс сілтемелерді ашпау;
  • белгісіз адамдарға ақша аудармау;
  • кез келген ақпараттың шынайылығын тексеру.

МКК ресми ақпаратты тек өзінің сайтында және Telegram арнасында жариялайтынын ескертеді. Сол себепті мемлекеттік орган атынан келген кез келген хабарламаға сын көзбен қарап, алдымен оның дереккөзін анықтау маңызды.

Бұл жағдай елде интернет алаяқтығының жаңа түрлері көбейіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Цифрлық ортада сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі екенін ұмытпаған жөн.

You Might Also Like

Новости

Реклама