
- 12 июл. 2025 12:36
- 25
Алакөл кәсіпкерлері Президентке шағым хат жолдамақ
Алакөл кәсіпкерлері Президентке шағым хат жолдамақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Алакөл өңіріндегі кәсіпкерлер билікке ашық наразылық білдіре бастады. Жағажай туризмін дамытумен айналысатын бизнес өкілдері бірлесіп, ел Президентінің атына хат дайындап, өздеріне кедергі келтіріп отырған негізгі проблемаларды атап көрсеткен.
Кәсіпкерлердің айтуынша, ең басты мәселе – жергілікті биліктің салғырттығы. Әкім ауысқан сайын құжаттар қайта рәсімделіп, рұқсат қағаздары кеш беріледі. Тиісінше, тендерлер де уақытылы өтпей, туризм маусымының ашылуы кешеуілдейді. Бұл туризм саласына тікелей зиянын тигізуде.
Олар жағажай инфрақұрылымының дамуы облыс әкімдігінің емес, республика деңгейіндегі тұрақты мекеменің құзырында болуы керек деген ұсыныс айтып отыр. Яғни, бизнес өкілдері жергілікті басқарудың тұрақсыздығынан шаршағандарын ашық жеткізуде.
Алакөлдің табиғи әлеуетіне қарамастан, туризм саласындағы жүйесіздік пен бюрократия кәсіпкерлік бастамаларға тұсау болып отыр.