Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Атырауда мұнай қалдықтарының ашық төгілуі жұртты алаңдатты

Атырауда мұнай қалдықтарының ашық төгілуі жұртты алаңдатты

Атырау облысының Мақат ауданында 13 мың тонна мұнай қалдығы ашық жерге төгілгені белгілі болды. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдап, қалдықтар Сағыз өзеніне ағып кетсе, экологиялық апат орын алуы мүмкін екенін айтуда.

Ластанған аумақ 2 гектарды құрайды. Жер телімі әкімдікке тиесілі болғанымен, ол жеке компанияға жалға берілген. Алайда компания экологиялық талаптарға сай өңдеу құрылғыларын орнатпаған.

Атырау облыстық экология департаменті аталған көлемдегі мұнай қалдығының заңсыз жиналғанын анықтап, компанияға 37 миллиард теңге көлемінде айыппұл салған. Жергілікті жұртшылық бақылаудың әлсіздігі мен мұндай заңбұзушылықтарға қарсы шаралар дер кезінде қабылданбағанын сынға алуда.

You Might Also Like

Новости

Реклама