Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова
- 24 мар. 2026 05:30
- 26
Александр Шевченко Майамидегі турнирде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (әлемдік рейтингте 84-інші орында) Майамидегі (АҚШ) ATP Masters 1000 турнирінің үшінші айналымында француз Уго Умберге (34-інші орында) есе жіберді. Бұл туралы Tengri Sport Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Матч 1 сағат 21 минутқа созылып, француз теннисшісі 6:4, 7:6 (7:2) есебімен басымдылық танытты.
Бұған дейін Шевченко турнирде әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған америкалық Бен Шелтонды 6:7 (3:7), 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңген болатын. Бірінші айналымда ол әлемнің 101-інші ракеткасы, италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебімен ұтқан еді.
Шевченко Майамидегі жарыста жалғыз қалған қазақстандық теннисші болған еді.
25 жастағы Александр Шевченко 2024 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғап келеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингте 45-орынға дейін көтеріліп, өзінің рекордын жаңартты. Австралияда өткен соңғы турнирде ол екінші айналымға алғаш рет шығып, жеке жетістігін қайталады.
Miami Open турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18,8 миллион долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаздарға 1 миллион 380 мың доллардан беріледі.
Бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің 1/16 финалында украиналық Марта Костюкті 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңген болатын.
Ал Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Майамидегі "Мастерс" санатындағы турнирдің екінші айналымынан аса алмады.