
Фото: Видеодан кадр
- 26 авг. 2025 14:40
- 21
Алматы әуежайында өзін өртеуге тырысқан ер адамның жағдайы белгілі болды
Алматы әуежайында өзін өртеуге тырысқан ер адамның жағдайы белгілі болды
Алматы әуежайында өзін-өзі өртеу әрекеті кезінде зардап шеккен адамның жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Infohub.kz.
Ер адам №4 Қалалық клиникалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.
"Жағдайы өте ауыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алуда", - деп хабарлады Алматының ДСБ баспасөз қызметі.
Көліктегі ПД баспасөз қызметі алдын-ала мәліметтер бойынша, бұл әрекеттің себебі ер адамның азаматтық жұбайымен жеке қақтығысы болған. Оқиғаның барлық мән-жайлары сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.
Еске салайық, кеше, 25 тамыз күні сағат 22:06 шамасында «Т-1» терминалында кассаның жанында ер адам өщін өртемек болды.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп өртті тез сөндіріп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Ер адам дереу қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.