
Фото: Үкімет
- 26 авг. 2025 15:53
- 16
Бектенов жылыту маусымына дайындығы жоқ бірқатар әкімдерді сынады
Бектенов жылыту маусымына дайындығы жоқ бірқатар әкімдерді сынады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымы басталуына 1 айдан аз уақыт қалса да Қазақстанның солтүстік өңірлері оған әлі дайын еместігін атап өтті, деп хабарлайды Infohub.kz.
Премьер-министр бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмай қалу қауіпі бар екеніне назар аудартты.
Мысалы, Ақмола облысында Степногорск жылу электр орталығында резервтік қазандықты жөндеу әлі аяқталмаған. Маңғыстау облысында 2-ші ЖЭО-да екі турбинаны жөндеу мерзімі ауыстырылды. Сондай-ақ Ақтау қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қарқыны төмен екен. Бектеновтың айтуынша, мұндай жағдайлар әкімдер тарапынан жоспарлаудың нашар болуы мен қатаң бақылаудың жоқ екендігін көрсетеді.
Осы ретте, энергия кәсіпорындарының жылу беру маусымына әзірлігін бағалау комиссиясының жұмысына әкімдер тікелей өздері қатысуы тиіс. Нысандар қысқа әзірлік паспорттарсыз жұмысты бастамау керек. Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларының энергия көздерін ерекше бақылауға алу қажет. Әзірлік паспорты болмай жылыту маусымы басталатын болса, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.