Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Алматы облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі өзгерді

Алматы облысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді өңірдегі мемлекеттік мекемелер таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейтін болады. Ал түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі ресми түрде хабарлады.

— Жаңа кесте қызмет сапасын жақсартып, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында бекітілді, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары елордада жұмыс күнін таңғы 07:00-де бастау туралы ұсыныс білдірген болатын. Бұл бастама қоғамда түрлі пікір туғызған еді.

Жаңа өзгерістер өңірде мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

You Might Also Like

Новости

Реклама