
- 17 июн. 2025 09:54
- 22
СҚО: Екі жасар бала пісте дәніне қақалып көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында екі жасар баланың өмірін бір сәттік бейқамдық жалмады. Қайғылы жағдай 13 маусым күні Петропавл қаласына қарасты Бірлік шағынауданында тіркелді. Сәби күнбағыс дәніне қақалып, өкінішке қарай, ажал құшты.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалған.
— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қайғылы оқиғаның себептері мен жауапты тараптар анықталып жатыр, — делінген ведомство таратқан ресми хабарламада.
Полиция ата-аналарға үндеу жасады: балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар. Әсіресе кішкентай бүлдіршіндер тамақтанған кезде қараусыз қалмауы тиіс.
Бір сәттік мұқиятсыздық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.