depositphotos.com
- 19 апр. 2026 07:00
- 24
Алматы тұрғындарына таудан қауіп төніп тұрғаны ескертілді
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) қала тұрғындарын таулы аймақтардағы қауіп-қатер туралы хабарлады. Соңғы кездегі мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел салдарынан Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында оползень, қар көшкіні және тас құлау қаупі артты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тауға шығудан бас тарту қажет
ТЖД мәліметінше, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, желдің күрт соғуы және температураның ауытқуы тау беткейлерінің тұрақсыздығына әкеліп, тастардың опырылуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан мамандар жауын-шашын тоқтағаннан кейін 2-3 күн өткенше, яғни жағдай толық тұрақталғанша таулы аймақтарға барудан аулақ болуға шақырды.
ТЖД ұсынған сақтық шаралары:
Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні астында қалған студент қыз қаза тапқан болатын.