
- 23 июн. 2025 13:52
- 19
АЛМАТЫДА 2 ЖАСТАҒЫ БАЛА 9-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП ҚАЗА ТАПТЫ
АЛМАТЫДА 2 ЖАСТАҒЫ БАЛА 9-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП ҚАЗА ТАПТЫ,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.
Алматы қаласындағы Ақкент ықшамауданында 22 маусым күні 2 жасар бүлдіршін 9-қабаттың терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды.
Жедел жәрдем дереу жеткенімен, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.
Ата-аналарға қауіпсіздік шараларына мұқият болу ескертіледі. Ашық терезелер – балалар үшін өте қауіпті. Арнайы қорғаныш торларын орнатып, кішкентайларды қараусыз қалдырмау қажет.