
- 23 июн. 2025 13:58
- 23
АСТАНАДА ЭКС-ЖІГІТІ БОЙЖЕТКЕНДІ ӨЛТІРІП, ІНІСІНЕ КҮШ КӨРСЕТКЕН
Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде 22 маусым кешке қайғылы оқиға тіркелді. 21 жастағы бойжеткен пәтер ішінде пышақ жарақатынан көз жұмды, ал оның кәмелетке толмаған інісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қанды оқиғаға қыздың бұрынғы жігіті себепкер болған. Көршілердің айтуынша, пәтерден айқай-шу естілген. Артынша күдікті көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдарға тап берген. Жасөспірім балалар алаңынан табылып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Кейінірек күдікті қылмыс орнына қайта оралып, пәтерде жасырынып отырған жерінен ұсталды. Полицияға өз еркімен берілген. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.