Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Алматыда тағы 50-ге жуық жер телімі сүріледі: Толық тізім жарияланды

Алматы қаласының әкімдігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алып қою туралы бірнеше қаулы шығарды. TengriHome басылымы аталған мекенжайлардың толық тізімін жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

№ 2/195-445 қаулыға сәйкес, Жетісу ауданында жылу магистралін (ТМ-ТЭЦ-2-ТЭЦ-1) қайта құру үшін меншік иелерінен жер телімдері сатып алынады. Аталған телімдер келесі мекенжайларда орналасқан:

Басқа қаулылармен әрқайсысы бір-бірден телім алынады. Мысалы, абаттандыру жұмыстары үшін Алмалы ауданындағы Әлімжанов көшесі, 73 мекенжайындағы 15 сотық жер мәжбүрлі түрде иеліктен алынады. Жетісу ауданында инновациялық шығармашылық орталық салу үшін 1,2 гектар жер телімі сүрілуге тиіс. Бұл телімнің нақты пошталық мекенжайы жоқ. Қаулыда оның шамамен орналасқан жері көрсетілген: Жансүгіров көшесінің батысында, Д.Қонаев атындағы каналдың солтүстігінде. Наурызбай ауданында автобус паркін салу үшін тағы үш телім меншік иелерінен сатып алынады. Олар келесі мекенжайларда орналасқан:

Жер телімдері мемлекеттік мұқтаж үшін алынады. Меншік иелері барлық сұрақтары бойынша Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-603 кабинеттерге хабарласуы қажет.

Новости

Реклама