Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Алматыда төрт күн бойы электр энергиясы өшіріледі: Кесте мен мекенжайлар

Алматыда 4-8 мамыр аралығында, яғни төрт күн қатарынан электр энергиясының жаппай өшірілуі жоспарлануда. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) мәлімдеді. Жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың әртүрлі аудандарында, соның ішінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда электр жарығы уақытша болмайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұмыс кестесі және мекенжайлар

Электр энергиясын өшіру уақыты сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін деп белгіленген. Жөндеу жұмыстары қаланың орталық көшелерін, тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды және басқа да мекемелерді қамтиды. Толық ақпаратты және нақты мекенжайларды АЖК сайтынан немесе жарияланған кестеден көруге болады.

АЖК тұрғындарды бұл жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады. Жұмыстардың мақсаты – электр желілерінің сенімділігін арттыру және болашақтағы апаттардың алдын алу.

Бұған дейін сәуір айының соңында да Алматы және Алматы облысында электр энергиясын өшіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Новости

Реклама